25 Қырқ 2023
Тамақтану жоспары

3 жас перспектив

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

 

 

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері

Қыркүйек

Дене шынықтыру

қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.Дағдыларды қалыптастыру:

дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу;

Көркем әдебиет

ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

Математика негіздері

 Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

отбасылық суреттерді қарауға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға үйрету. "Отбасы", "Үй", "Демалыста" және басқа мазмұнды-рөлдік ойындарды ұйымдастыру;

Құрастыру

әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;

Сурет салу

Түрлі бағытта тура сызықтарды, олардың қиылысуын жүргізе білуді қалыптастыру:

Мүсіндеу

сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру

Жапсыру

дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;

Музыка

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай алу дағдысын қалыптастыру

 

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар